Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҚАШЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инстаграм парақшасында мәлімдеді.
– Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті медициналық көмекті біз барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алуға тиіспіз. Қашықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі мен айналасындағылар үшін ең қауіпсіз болып отыр.
Осыған орай, қаламызда келесі аптадан бастап қашықтықтан медициналық көмек алу 1430.kz. порталы арқылы қолжетімді болады, – деді қала басшысы.

Қала әкімінің айтуынша, аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. 1430.kz сервисі арқылы емханалардың білікті мамандары қызмет көрсетеді, сіз жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалы мамандардан көмек ала аласыз. Алдағы аптада 1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы ақпарат таратылатын болады.

– Қазір ауруларды, соның ішінде коронавирус инфекциясын емдеу бойынша көптеген дәйексіз ақпарат пен нұсқаулықтар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.
Өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын есте сақтағандарыңыз жөн, деді М.Әйтенов.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру