Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме – «Статус КБО бюлдинг» ЖШС.

Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан алынған 150 дана контейнердің сапасын тексеріп, қабылдау бойынша тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда тозығы жеткен контейнерлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Спецавтотранспорт» ЖШС-і айналысады.

Айта кетсек, мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру