Санатталмаған

ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН МАМАНДАРДЫҢ ЖАҢА ЛЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

Әлем картасындағы – әйгілі есім Есіл бойындағы еңселі Елорда елдің бағын еселеді. Арқа төсіндегі сәулеті келіскен Нұр-Сұлтан Алаштың бас қаласы, бағаналы ордасына айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен бой көтерген Астана Елбасының төл туындысы. Алмағайып уақыт, елең-алаң шақта қабылданған шешімнің дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеді.

1996 жылдан бастап мұнда алғаш рет құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мемлекеттік қызметкерлерге арнап, қызметтік пәтерлер көптеп салынды. Осы ретте Президенттің өзі қалада жаңаша ойлайтын мамандардың жаңа шоғырын қалыптастыруда белсенді еңбек етті. Елбасының идеясымен салынған (жобаның жетекшісі -Ақмырза Рүстембеков) «Астана -Бәйтерек» бас қаланың бойтұмарына айналды. Жаңа шаһарда бой көтерген Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы сынды ғимараттар елорданың сән-салтанатына айналды.

Бүгінде әлем картасында әйгілі есімге айналған бас қаламыздың жетістіктері көңіл қуантады. 1991 жылдары Сарыарқа төсіндегі қалада небәрі 300 мың халық болса, қазір миллион тұрғыны бар шаһар. Арқа төсіндегі Елорда елдің жарқын болашағын елестетеді. Ертеңге деген сенімін еселей түседі.

 

Шолпан Арзымбетова, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру