Санатталмаған

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДА – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Еліміздің еңсесі, мемлекетіміздің мақтанышына айналған Елорда күні. Әлемдік аренада мәртебемізді биік етіп тұрған бұл қаланың қалыптасуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Мұны бүкіл қазақ елі біледі. Н.Әбішұлының еңбегін тек Елордамызбен ғана байланыстыруға болмайды. Данышпан, көреген басшы бұғанасы қатпаған Қазақстан елін бүкіл әлемге әйгілі етіп, талай қилы заманды бастан кешкен ата-бабамыздың арманын орындады. Яғни, танымы терең тұлға Мемлекетіміздің Президенті тұсында тарихымыздың жаңа парақтарын ашты. Біз бұл тарихи кезеңге куәміз. Еркіндіктің ескен самалы самайымызды сипап өткенде, бойымызды ерекше қуаныш билейді.

Бүгінде Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттермен терезесі теңесіп, қадамын қатарласып басып келеді. Бұл, ең алдымен, Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі дер едім. Дүйім жұрт қызыққан Елордада жаhандық маңызы бар саяси шаралардың өтуі – сөзімізге дәлел. Оған қоса, Н.Назарбаевтың әлемдік аренада абыройы асқақ екенін айтқым келеді. Бірлікке шақыратын саяси шешімдері үлкен державалардың қызығушылығын оятып, Елбасының мәртебесін арттырды. Әлемді әбігерге салған індет Н.Әбішұлына соқтыққан сәтте төрткүл дүниенің әр тарапынан мемлекет басшылары ізгі ниетпен хаттар жіберді. Тілеулестік танытқан бұл хаттар еліміздің зиялы қауымынан, дәрігерлерінен, жастарынан, жалпы қазақстандықтардан көптеп түскенін өзі де айтып өтті. Шегі жоқ бұл қошеметтер Елбасының дара тұлға, көреген басшы екенін дәлелдейді.

Сөз соңында қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ өмір тілеймін! Мемлекетіміз мәңгі болғай!

Ақмарал ОМАР,
№3 Шымкент қалалық емхананың бас дәрігері

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру