Санатталмаған

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын орындарда індеттің алдын алу шаралары бойынша тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Қаулыға сәйкес, әрбір кәсіпорын санитарлық талаптарды сақтап, бекітілген уақытқа сай жұмыс жүргізуі керек. Мамандар әсіресе ірі сауда орындарында, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық – ағарту жұмыстарын жүргізуде.

Мобильдік топтар тарапынан карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 38 коммерциялық құрылымға тиісті ескерту берілді. Карантин режимін бұзған 2 нысанға хаттама толтырылып, сотқа 3 материал жолданды.

Аудан аумағындағы сауда орталықтары, базарлар мен азық – түлік дүкендерінің санитарлық нормаларды сақтауы бойынша мобилдік топ жұмыс жасауда. Осы тұрғыда, аудан әкімдігі тұрғындарға маскалық режимді қатаң ұстануды және адам көп шоғырланған орындарға қажеттілік туындамаған жағдайда бармауды ескертеді.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру