Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ДЕРТТЕН 669 НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

AzatMedia. Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 784 адам тіркелген. Солардың ішінде 1 540 науқас симптомдық болса, симптомсызы – 1 244 адам. Осы уақытқа дейін жұқпалы дерттен 669 науқас емделіп шықты. Ал 14 науқас қайтыс болды. Қазір инфекциялық ауруханада 343 науқас ал, провизорлық орындарда – 1 407 адам ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында қала стационарлары төсек-орындармен, ал дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Қала бойынша ауруханаларда 2 380 төсек-орын бар (жұқпалы аурулар – 650, провизорлық – 1 730), олардың ішінде бос орындар – 447 (жұқпалы ауруларға – 123, провизорлық – 324).

Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасындағы күндізгі стационарларда қосымша 628 төсек-орын дайындалып, бүгінде сонда 315 науқас ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 350 төсек орын болса, оның 45 –і бос. Ал, қалалық жұқпалы аурулар орталығындағы 200 орынның 20-сы бос. «Атамекен» оңалту орталығында – 100 төсек орын бар. Қазіргі кезде оның 54-і бос.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру