Санатталмаған

«САМАЛ-3» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Күнделікті залалыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде атқарылды.

Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шараларын сақтану керектігі ескертіліп, аса қажеттілік болмаса үйде отыруға кеңес берілуде.

Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда қауіпті індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

Ірі сауда орындары мен базар аумақтары сенбі жексенбі күндері толық дезинфекциялау жұмыстарынан өтеді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Олар техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Қалада қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескере келе барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру