Санатталмаған

ТӨРТ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар.

Кезекті тексеру жұмыстары Абай ауданында орналасқан нысандарда жүргізілді. Бұл ретте әсемдік салондары, ломбардтар, киім дүкендері уақытылы жабылуы қадағалануда. Осы орайда, Абай ауданы бойынша 4 кәсіпкерлік нысанға хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Онда жеке тұрған азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Қоғамдық тамақтану орындары болса 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен демалыс күндері кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын уақытша тоқтата тұруларына тура келеді.

Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет. Карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру