Санатталмаған

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Ақ жайық шағын ауданы мен Төлеметов және Көкшетау көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің аулалары мен кіребестері залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Еске сала кетейік, пандемияның алдын алу жұмыстарына аса көңіл бөлінген. Аудандағы қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларын дәрілеу жұмыстары кестеге сай күнделікті жүргізілуде. Осы бағытта сіз де өз үлесіңізді қосып, санитарлық тазалықты сақтаңыз деп ескерткіміз келеді. Қажеттілік болмаса үйден шықпауды сұранамыз.

Жалпы, вирусты инфекцияға шалдыққан адамдар санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Сондықтан да медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс – жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру