Санатталмаған

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

AzatMedia. Бүгінгі таңда елімізді алаңдатып отырған коронавирус індетінің алдын алу бойынша Түлкібас ауданында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігі жанынан құрылған 3 мобильдік топ облыстық бас санитарлық дәрігерінің соңғы №25 қаулысындағы шектеулерді аудан аумағында іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Нәтижесінде 3 жұмысшы топ аудан аумағын 5 ауылдық округ, кенттен үш бөлікке бөліп, қаулыда көрсетілген шектеулерді кеңінен түсіндіруде. Түсіндіру жұмыстары барысында сауда орындары мен демалыс аймақтарының иелеріне және басқа да кәсіпкерлік нысан өкілдеріне бас санитар қаулысының көшірмелерін таратуда. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде түсіндіру жұмыстары қосымша дыбыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы іске асуда.

Осы орайда, аудан тұрғындарынан қауіптің алдын алу мақсатында, өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру