Санатталмаған

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

AzatMedia. Бүгінде Түлкібас ауданының аумағындағы қоғамдық орындар, мекемелер және халық көп шоғырланатын көше бойларында арнайы техника мен мамандарды жұмылдыру арқылы залалсыздандыру шаралары күшейтіліп отыр.

Сондай-ақ, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында халық көп баратын ҚазПошта, Халық банкі, Халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, Халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық Полиция бөлімі ғимаратында залалсыздандыру өткелдері аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін қажеттілігіне қарай тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде.

Айта кетерлік, аудан әкімдігіне қарасты барлық ауылдық округтер мен дербес бөлімдер залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы киімдер және құрал – жабдықтармен қамтылған.

Осы оарйда, медицина мамандары аудан тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру