Санатталмаған

Келесте құрылыс жұмыстары басталды.

Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биылғы жылы 17 нысан жөндеуден өтеді. Оның 16-сы көше болса, қалаған біреуі мектеп ғимараты. Аталған он алты көшенің 12-сі Ақтөбе ауылдық округінде болса, қалған төртеуі аудан орталығы Абай ауылындағы Құрылыс, Оңтүстік, Әзімбай ата және Т.Рысқұлов көшесі. Абай ауылында биылғы жылы аталған бағдарлама аясында 8,62 км жол жөнделеді.   Құрылыс тек жол жөндеу жұмыстарымен шектелмей, көше бойларын абаттандыру, яғни көше жиегіне жарық шамдар, суағар, аяжолдар салынып, көркейтіледі. Құрылыс жұсытары ағымдағы жылдың маусым айында бастау алды. Аяқталу мерзімі 3 айды құрайды.

Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 25 нысан жөндеуден өткен еді. Оның 23 көше болса, 2 нысан мәдениет және спорт алаңы жаңартылған-ды. Мақсат – ауылды көркейтіп, абаттандырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру