Санатталмаған

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Келес ауданы Біртілек ауылында тұратын Қадировтар отбасында үшемдер туылды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қодирова 27 жасында көп балалы ана атанды. 1992-жылы туылған. Али, Усман, Умар есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған.
Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 салмақпен дүниеге келді. Отағасы Қодиров Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемдердің жағдайымен арнайы танысуға барып, өзінің естелік сыйлықтарын табыстады. Бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан – үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетерін жеткізді.
Жыл басы өңірімізде үшемнің дүниеге келуі секілді жағымды жаңалықпен есте қалып отыр. Қазіргі таңда сәбилердің және олардың анасының жағдайы қалыпты.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру