Санатталмаған

Төлеби ауданында сақтық шаралары жүргізілуде

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Бауыржан Бақытұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті. Жиын барысында жарлықтағы көрсетілген негізгі шараларды сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, аудандағы халық көп шоғырланатын орталықтарды залалсыздандыру мақсатында Төлеби ауданының сауда орындарында, автобекеттерінде күннен-күнге өршіп отырған коронавирус індетінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Дәрілеу (дезинфекциялау) жұмыстары таңертең және кешкі уақытта кісі аяғы жиналмаған кезде екі мәрте атқарылуда.

Алдын алу шараларымен қатар қоғамдық орындарда ақпараттық түсіндірме парақшалары таратылып, ілінуде.

Бүгінгі таңда аса қажеттілікті тудырмайтын Ленгір қаласындағы «Тау жұлдызы» сауда орталығы төтенше жағдай жарияланған уақытқа, яғни 1 айға жұмысын тоқтатады.

Құрметті аудан тұрғындары! Жаһанды жайлаған коронавирус індетіне өзіміздің ішкі иммунитетімізді күшейту арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Сондықтан, дүрлігуге жол бермей, барынша сақтық шараларын сақтайық!

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру