Санатталмаған

БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы м.а Н.Жаманкөз баяндама оқыды. Жыл соңында 69 нысанның (18 ауызсу нысаны, 1 кәріз нысаны,10 электр нысаны,1 табиғи газ нысан,13 жылу нысаны,12 сейсмонығайту нысаны, 14 абаттандыру) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше қаланы көріктендіру мақсатында Қайтпас-1 шағын ауданында саябақтың құрылысы жүргізілуде. Одан өзге 9 гүлзарды қайта құру қолға алынған.

Саяси кеңес бюросының мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Соның бірі – қаладағы өсіп тұрған ағаштарды неге кесетіні туралы сұраққа Мұрат Дүйсенбекұлының өзі жауап берді. «Осы сұрақ тұрғындардан да келіп түседі. Біріншіден, қаладағы ағаштар жүйесіз, арақашықтығы сақталмай отырғызылған. Өсе келе бір-біріне кедергі жасауда. Екіншіден, ағаш шыбық кезінен түзу болып өсуі үшін қырқу, туралау жұмыстары жүргізіледі. Үшіншіден, күзге қарай кесілген ағаштардың орнына белгілі бір жүйе арқылы қайта көшеттер егілетін болады» – деді әкім.

Жиынды қорытындылаған Төраға Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер негізінде алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, кемшіліктерді түзету үшін кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру