Санатталмаған

ВОЛОНТЕРЛАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

AzatMedia. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары, «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды.

Орман – жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық еріктілері, қоршаған ортаның тазалығы мен ормандағы жасыл желектің көркеюіне үлес қосып, табиғат ресурстарын сақтап қалуда көмек қолдарын созды.

Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсартуды мақсат еткен еріктілер, орман ішін қоқыстардан тазартты.

Еске сала кетейік, қала еріктілері осыған дейін, табиғат тазалығын басты назарда ұстай отырып, бірнеше сенбілік жұмыстарын жүргізген болатын.

Бұл орайда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші шырайлы қаламыздың таза да тартымды, көркем де көрікті болуы үшін қоршаған ортаның тазалығын қадағалаудың маңызын ескерген шараға қатысушылар тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде өткізді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру