Санатталмаған

СУДА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК

Демалысты қауіпсіз өткізу үшін, суда шомылу ережелерін сақтау қажет

Жаз – демалу үшін тамаша кезең. Өзің және өзіңнің денсаулыға пайда келтіру үшін суда демалу кезінде суда өзіңді ұстай білу, жақсы жүзе білу, суда шомылу ережелерін сақтап, орындау қажет. Осы туралы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші және құтқарушылары Бадам өзен бойында шомылушылар арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары кезінде айтып берді. Өрт сөндіруші және құтқарушылар суда шомылу ережелері туралы толық түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ суда қуалап, ұстау секілді ойындарды ойнамауға, су айдындарында демалу кезінде су алып келетін қауіпті ұмытпауға, таныс емес жерлерде шомылмауға және жүзу кезінде алысқа ұзап кетпеуге қайықтардан, кемелерден, айлақтардан суға, сонымен қатар, бұл үшін арналмаған жерлерден секірмеуге кеңес берді. «Тек қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы біз өзіміздің демалысымызды қандай да бір оқыс оқиғаларсыз өткізе аламыз»-деп атап өтті. Балалар қызыққаны сонша, толық білгісі келіп, суда шомылу бойынша ережелер туралы сұрақ қойды және жан-жақты жауап ала алды.

А. Жүнісбеков
Шымкент қ. №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру