Санатталмаған

«COVID» – ІНДЕТ, ҚОРҒАНУ – МІНДЕТ

Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһарды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 14 809 науқас тіркеліп, оның 9188-і індеттен сауығып шықты. Өкінішке орай, 77 адам көз жұмды.

Ал, Шымкентте вирус жұқтырғандар 1133-ге жетіп, 478 науқас жазылып, үйіне шығарылды. Бірақ 11 азамат қайтыс болды. Одан бөлек, қалада жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 562 тасымалдаушы тіркелді.

Бұл өз кезегінде қала тұрғындары тарапынан карантиндік шектеулердің тиісті деңгейде сақталмай отырғандығын білдіріп отыр. Бүгінде жеке басы мен өз жақындарының денсаулығына ұқыпсыз қарайтындар саны азаймауда.

Біз мүмкіндігінше қоғамдық орындарға баруды шектеп, қажетті санитарлық нормаларды – бетперделік режимді сақтау, қолды сабындап жуу (антисептик қолдану) және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға тиіспіз. Сондай-ақ, отбасылық жиындар мен қонаққа барудан уақытша бас тартып, үйдегі жасы егде тартқан азаматтардың денсаулығына назар аударғанымыз жөн. Бір сөзбен түйгенде «COVID» індет, одан қорғану баршамызға міндет.

Латипша Асанов,
Шымкент қаласы түрік этномәдени
бірлестігінің төрағасы, кәсіпкер

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру