Санатталмаған

АҚ ХАЛАТТЫЛАР, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Қазіргі таңда пандемия адамзат үшін сынақ болып тұрғаны жасырын емес. Тұрғындар ғана да, дәрігерлер де оңай соқпай тұр. Тәулік бойына індетпен тіркеліп жатқандар көбейіп жатыр.

Шымкентте Төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгеннен бері ауруларды емдеп жатқан дәрігерлердің отбасына бармағанын да естіп жатырмыз. Әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем және инфекцияға тест алатын орындарда еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

Коронавирустан әрбір науқас емделіп, отбасына оралған жаңалықты естігенде қатты қуанамыз. Бұл біздің ақ халатты абзал жандарымыздың еселі еңбегі, тәулік бойы кірпік ілмей, жанкешті еңбек еткенінің жемісі екенін әрбіріміз білеміз.

Бүгін Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын, қиын – қыстау кезеңдегі еңбектеріңізге басымызды иеміз. Дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін. Сіздерге күш – қуат, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Гүлжайна Алпамысова,

ОҚМПУ Жаратылыстану факультетінің деканы, доцент

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру