Санатталмаған

ҚАУІПТІ ДЕРТКЕ ҚАРСЫ ТҰРА БІЛДІ

Адамзаттың басына түсіп отырған осынау індетпен күресіп жатқанымызға міне, төрт айдың жүзі болды.

Елімізде COVID-19 анықталған алғашқы күннен бері эпидемиолог, инфекционист мамандарымыздан бастап қатардағы дәрігерлер, медбикелер, кіші медициналық персонал, санитар-дәрігерлер аяғынан тік тұрып қызмет етуде. Аты жаман дертпен алдыңғы шепте күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың ерлігін жоққа шығаруға әсте болмайды.

Дәрігерлеріміз өз еңбектерін жан аямастан жұртының амандығына жұмсап, халқының шексіз алғысына бөленуде. Өз атымнан және қаладағы барша ардагерлердің атынан дәрігерлер қауымын кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алдарыңызға қиналып келген науқасты жүрек жылуларыңызбен қарсы алып, әртүрлі жағдайларда да адамның өміріне араша түсіп, барлық тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді ұлт денсаулығын жақсарту жолында қызмет етіп келесіздер.

Ең қадірлі де керекті кәсіп иелеріне, зор денсаулық, отбасында береке-бірлік, бақыт тілеймін.

Бүгінгі медицина қызметкерлерінің Төл мерекесінің шынайы көркіне айналып отырған денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне де айрықша ризашылығымды білдіремін. Ақ халатты абзал жандардың баршасына мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Исамудин Рысбай,

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру