Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ҰБТ ӨТЕТІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

AzatMedia. Шымкент қаласында ҰБТ өтетін жоғары оқу орындарының дайындығы пысықталуда.

Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қаладағы үш жоғары оқу орнының базасында өтеді. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеуге 8 570 түлек қатысады деп күтілуде.

ҰБТ өтетін жоғары оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасы. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева университет базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысып шықты. Қазіргі таңдағы карантин ережелеріне байланысты санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы сөз болды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова 10 аудиторияның санитариялық – эпидемиологиялық талаптарға сай екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пункттерінде қоғамдық тәртіптің, көлік қозғалысының, медицианалық жедел жәрдем, өрт сөндіру және ақпараттық түсіндірме жұмыстарының сапалы жүргізілуі және санитарлық нормалардың қатаң сақталуын бақылау тапсырылды.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру