Санатталмаған

ЖАЗҒЫ ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТА!

AzatMedia. Жазғы өрт қауіпті кезең басталған сәттен бастап, қала аумағында құрғақ шөптің жану фактілері жиілей түседі. Әдетте, адамдардың абайсыз және немқұрайлы әрекеттерінің салдары құрғақ шөптің жануына себеп болып жатады.

Өткен демалыс күндері осындай өрт оқиғалары көптеп тіркелді. 8 жағдай орын алып, жанған құрғақ шөптердің жалпы аумағы 1,5 гектарды құрады.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының ТЖ департаменті қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, тұтанған сіріңкелерді, темекі тұқылын құрғақ шөпке лақтырмау қажет. Үй айналасын мүмкіндігінше шөптен тазалап отыру керек. Қоқыстарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ғана жағуға кеңес береді.

Сонымен қатар, демалыс орындарында от жағылған кезде, кетер сәтте су немесе құм сеуіп өшіріп кеткен жөн.

Үй шаруасында бөшкеге немесе басқа да ыдыстарға су қорын жинақтап, өрт сөндірушілер келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру іс-әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік жасаған жөн.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру