Санатталмаған

«ЕЛБАСЫ ЖОБАСЫНА» ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

AzatMedia. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Елбасы медалі» жобасы туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты. Маусым айынан бастап «Елбасы медалі» жобасына қатысушыларға тіркеу басталған болатын. Байқауға қатысатындардың жасы 14 жас пен 29 жас аралығында болуы тиіс. «Елбасы Медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иемдене алады.

Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн-платформасына тіркеліп, ұсынылған алтын, күміс немесе қола бағыттарын таңдауына болады.
Тіркелуден өткеннен кейін қатысушылар үш деңгейдің бірін таңдайды: «алтын», «күміс», «қола». «Алтын» деңгейдің ұзақтығы – 18 ай, деңгей 16 жастан жоғары жастарға арналған, «күміс» деңгейдің ұзақтығы – 12 ай, жас шектеуі 15 жастан жоғары, «қола» деңгейінің ұзақтығы – 6 ай, 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Қатысушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды үнемі орындап отыруы керек. Өз таланттарын дамытумен айналысу, спортпен шұғылдануға тұрақты әдетті қалыптастыру, құрдастарымен бірге туристік жорыққа бару. Жоба тапсырмаларының бірі қазақ және әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген кітаптарды, батыл мақсаттарды қоюға ынталандыратын жеке даму жөніндегі кітаптарды оқуы керек.

– «Елбасы Медалі» жобасы қатысушыларға болашақ мамандығыңды таңдауға септігін тигізеді. Ауқымды жастар жобасының мақсаты еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерді тәрбиелеу, – деді орталық директоры Р.Джеренова.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру