Санатталмаған

ТҮЛКІБАС: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

AzatMedia. Бүгін Түлкібас әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Түркістан облысында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы аясында кездесу өтті.

Жиынға «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің жоба координаторы Андабаева Гүлсім Бахытбекқызы және аудандағы Үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ахметов Бауыржан Қуандықұлы ашып, жүргізіп отырды.

Арнайы семинарға келген қонақтар Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру және дамыту мақсатында аудан аумағында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халықаралық ұйымдардың арнайы гранттары арқылы маңызды жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер бар екендігін жете түсіндіріп айтты.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру мен жұмыстарын жандандыру жөнінде түрлі пікірлер айтылды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов  Түлкібас өңіріне арнайы келген облыстық топқа рақмет айтып, алдағы уақытта игі бастамаларына табыс тіледі.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру