Санатталмаған

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

AzatMedia. Еңбекші ауданы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды бақылауға алды. Алдымен №27, 150 және Ақсукент-Шымкент бағытында қатынайтын көліктердің жұмысымен танысып, тазалық талабын сақтамағандарға ескерту жасалды.

Сонымен қатар, сауда орындарына да рейд жүргізген мамандар, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 78 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берді.Ал,
карантин режимін бұзған 2 сауда орынына хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуі қажет. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

Жалпы қала тұрғындарына медицина мамандары қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру