Санатталмаған

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТУДЕ

Келес ауданының Абай ауылында тандыр жасаумен айналысатын отбасы тұрады. Алты баланың анасы Абдуллаева Бибігүл өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысып, 800 мыңнан аса қаржы алып, ата кәсіптері яғни, тандыр жасауды дамытыпты.

Шаруаның басым бөлігін үйіндегі отағасы және балалары жасайды екен. Тандыр жасаудың қыр-сырын өзінің қайынатасынан үйренгенін айтқан көпбалалы ана кәсіптің өзіне жараса қиындықтары барын, оған сабырмен мейірімін беріп жасау керек екенін айтты. Тапсырысқа қарай 7-8 тандырды лайдан құрастыруға жаз мезгілінде төрт бес күн уақыт кетеді екен. Сапалы тандырға қажетті ең басты дүние – сары, қызыл топырақ. Бұл шикізатты көрші Сарыағаш ауданынан сатып алады екен.

Бүгінде бір тандырдың бағасы 2000 теңгеден бастап, көлеміне қарай бағасы да белгіленеді екен. Сұраныс тек Келес ауданынан ғана емес, көрші Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарынан, сонымен қатар былтырғы жылы Ресей Федерациясынанда түсіп, алып кеткендер болыпты. Кәсіпкер ананың келесі жоспары мемлекет тарпынан кәсіпкерлерге беріліп жатқан грант қаржыға құжат тапсырып, ие болу және төмен пайызбен несие рәсімдеп кәсібін кеңейту екен.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру