Санатталмаған

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

AzatMedia. Отандық өнімге қолдау көрсету бүгінгі заманның басты талаптарының бірі. Осыған орай бүгін аудан әкімі Н.Байғұт ауданымызға қарасты Түлкібас кентіндегі «Песня-Лета» ЖШС-не арнайы барып, бүгінгі жай-күйімен танысты. Бұл жердегі басты мақсат елімізде орын алған төтенше жағдайдың кәсіпорынға тигізген зардабын анықтау, кәсіпорын жұмысының жандануына ықпал жасап, қолдау көрсету.

Кәсіпорынды аралау барысында аудан басшысы мекеме өкілімен сұхбат құрды. Сұхбатта мемлекет тарапынан кәсіпорынның қуаттылығын ұлғайту мақсатындағы атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыланды.
2018 жылы Түлкібас консерві зауыты жанынан қайта құрылған «Песня-Лета» ЖШС-і жылына 15 мың тонна жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдеп, 8 түрлі 100% табиғи шырын мен көкөніс консерваларын шығарады. Кәсіпорынның ерекшелігі шығарған өнімін тек ғана шыны ыдыстарға құяды.

«Шыны ыдысқа құйылған өнім дәреумендердің ұзақ сақталуына мүмкіндік береді»-дейді, кәсіпорын мамандары.
Биылғы жылы кәсіпорын қуаттылығын 2,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл бастамаға аудан әкімі өз тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына қосымша жұмыс көздері пайда болады деген сөз.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру