Санатталмаған

АЛҒАШҚЫ ДЕМАЛУШЫЛАР КЕЛІП ЖАЙҒАСУДА

AzatMedia. Бүгін жұмыс күнінің екінші жартысында аудан әкімі Н.Байғұт ауданға қарасты Кемербастау ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, төтенше жағдай режимінен кейін жұмысын жандандырып отырған «Таң-Нұры» саумалмен емдеу –сауықтыру орталығының бүгінгі күйімен танысты. Күні кеше Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысына сәйкес барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, іске қосылған сауықтыру орталығына алғашқы демалушылар келіп жайғасуда.

Осыдан бірнеше жыл бұрын сауықтыру орталығына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылым дамыту бағытына сәйкес газ құбырын және қосалқы құрал-жабдықтар орнату шаралары іске асқан болатын. Бүгінгі таңда орталықтың сиымдылығын арттыру мақсатында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Сауықтыру орталығы тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және неврологиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды.

Орталық нысандарын толық аралап шыққан аудан басшысы орталық директорына қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қандай да қолдау түрін ұсынуға дайын екенін айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамға дейін қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыру жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру