Санатталмаған

Келес ауданының әкімі мектеп бітірушілерге ыстық лебізін білдірді

Құрметті оқушылар, мектеп бітіруші түлектер!
Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!

Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, ал жас түлектерімізді мектеп бітірулерімен шын жүректен құттықтаймын!

Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

Ауданымыздың қайта құрылғанына 2 жыл толуы қарсаңында Келестің білімді, дарынды, жалынды жастарына ақ жол, сәт сапар тілеймін.

Аудан бойынша 63 мектепте 30755 оқушы білім алуда, оның ішінде биылғы жылы 1740 оқушы түлектеріміз бітіруде. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жылдық қорытынды бағалары негізінде жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» белгісімен аттестат иегерлері – 62, «Үздік аттестат иегерлері» – 102 және негізгі орта білім туралы «Үздік аттестат иегерлері» – 199 бітіруші түлектерімізге беріледі.

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Осы жылы бітіруші түлектердің ішінде 1099 оқушы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге құжат тапсырған. Осыған орай барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін!

Қымбатты түлектер, өмір жолдарыңыз түзу болып, бастаған істеріңізге сәт-сапар тілеп, зор денсаулық, бақ-береке, отбасы-шаңырақтарыңыз тек қана амандық-саулықта болуына ниет білдіремін!

Құрметпен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру