Санатталмаған

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 1 099 ТҮЛЕК ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУГЕ ӨТІНІМ БЕРДІ

Биылғы жылы Келес ауданында мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Есесіне 3-4 маусым күндері санитарлық нормаларды сақтай отырып, 1 сағат көлемінде аттестат, алтын белгі сынды куәліктерді табыстау салтанаты өтеді. Бұл туралы Келес ауданының білім бөлімі басшысы Бақтияр Абдиев мәлімдеді. Келес ауданындағы жалпы 63 мектепте 30 755 оқушы білім алуда. Оның 11 сыныпты бітірушілерінің саны – 1740 оқушыны құрайды. Ал 62 оқушы биылғы жылдың алтын белгісін алады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 20 маусымы мен 5 шілдесі аралығында санатарлық талаптарды сақтай отырып, әр сыныпқа 25 оқушыдан шахмат үлгісінде отырғызып, ұлттық біріңғай тестілеу өтуі жоспарлануда. Жалпы тестілеу 5 кезеңге бөлініп өтілуі күтілуде. Бір айта кетерлігі тестілеуде оқушы төтенше жағдай режиміне сәйкес, үйде онлайн оқыған білім жылының 4 маусымында өтілген сабақтарынан сұрақтар қойылмайды. Биылғы жылғы тестілеуге Келес ауданы бойынша 1099 мектеп бітіретін оқушы өтінім берді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру