Санатталмаған

ТҮРКІСТАНДА ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

AzatMedia. Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.

Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынып жатқан желілік саябақтағы жұмыс барысын тексерді. Жасыл желекке оранған желілік бақта демалыс аумақтары мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін сәулет үлгілері орнатылған.

Қалаға көрік берген «Парасат» саябағы да ерекше келбетімен саялы баққа айналып келеді. Қайта жаңарту жұмыстары аясында демалыс орнында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық салынуда. Нәтижесінде, саябақ сумен қамтылып, қайта «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі. Ал, «Түркістан-Кентау» бағытындағы жолдың екі шетіндегі тасарықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суаруды қамтамасыз етеді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру