Санатталмаған

ТҮРКІСТАНДА ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТЕГІН ҚОСЫП БЕРДІ

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген.

Жалпы, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс, қала әкімдіктері газ таратушы мекемелерімен бірлесіп тұрғындарға табиғи газ жүйесіне қосылу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса, қатты отын пайдаланатын барлық моншалар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру көзделіп отыр. Бұл бағытта да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік және кәсіпкерлік 9 нысан табиғи газға ауыстырылған.

Облыс орталығын газдандыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру