Санатталмаған

ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

Апат салдарымен күресте жұмысшы топ қарқынды жұмыс атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Фирдауси ауылындағы жалпы орта мектептің жертөлесі мен мектеп ауласын судан тазарту жұмыстарын тексерген топ ауылдардағы су басқан аулаларды тазарту жұмыстарына да қатысты.

Сонымен қатар, жұмыс барысында Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы егістік алқаптарды судан босату жұмыстары талқыланды.
Қазіргі таңда Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс ауылдарынан жалпы 8 455 м3 су шығарылған.

Нәтижесінде Жаңатұрмыс ауылында су деңгейі 3 см төмендеп 50 сантиметрді, Жеңіс ауылында 3 см кеміп 50 сантиметрді, Фирдауси ауылында 4 см төмендеп 44 сантиметрді, Өргебас ауылында су деңгейі 10 см құраса, Достық ауылында су 4 см кеміп 44 сантиметр деңгейінде қалып отыр.
Су басқан ауылдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1626 адам, 17 дана қайық, 324 бірлік техника, 217 дана су сорғылар жұмылдырылып отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру