Санатталмаған

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

AZATMEDIA. Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы нөсер жауынның салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат.

2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде (2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені), Жігерген ауыл округі бойынша (30 үй, 4 қора), С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде (4 үй, 1 мешіт) аулаларына су кіргені анықталды.
С.Рақымов ауыл округіндегі Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері 6-техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде.

©Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру