Санатталмаған

МАҚТААРАЛҒА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНАН КӨМЕК ЖЕТТІ

Мақтааралдағы топан судан қиналған тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді. Бұл керуенді жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Атап айтсақ, сол өңірдегі облыстық мәслихат депутаттары Нұрғазы Сәтбаев, Мұрат Жақсыбаев, Валерий Голоухов, Валерий Крылов және «Кублей» ЖШС ұжымы мен меценаттар атсалысқан.

Жалпы құны 10 млн. теңгелік жүк Атакенттегі орталық қоймаға жеткізілді. Ақжайықтың жағалауынан келген азаматтар тұрғындардың сұранысына сәйкес, азық-түлікпен қатар өзге де қажетті заттарды ала келіпті. Оның ішінде 1 тонна ұн, 1500 литр өсімдік майы, 2000 дана консервіленген тағам бар. Оған қоса 1000 дана шелек пен кір жуғыш ыдыстар, 300 дана матрас пен жылы жамылғы, «Талап» АҚ-ның антисептиктері, гигиеналық заттар мен жөргектер де жеткізілді.

Батыстағы ағайынның ыстық ықыласын ала келген азаматтар Мақтааралдықтармен бірге әрі көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру