Санатталмаған

МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

AzatMedia.kz. Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек.

Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьге 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді.
Бүгін мақтааралдық
250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты.

Бұл өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін, жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болмақ. Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінен жоғарғы сыныптың 52 оқушысы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінен 71 оқушы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінен 66 оқушы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің 61 оқушысы және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 жетекші мұғалім мен медбикелер де аттанды.

Сондай-ақ аталған мектептердің 200 бастауыш сынып оқушысы және оларға бас-көз болатын 15 мұғалім мен медбике Төлеби ауданындағы «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына жіберілді.

Атап айтсақ, Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінен 56 оқушы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінен 67 оқушы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінен 40 оқушы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің 37 оқушысы 15 күн бойы лагерьде өмір сүреді. Балалар қосымша мұнда сабақ та оқитын болады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру