Санатталмаған

МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ШИПАЖАЙДА

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайында мақтааралдық балаларға «Біз-денсаулықты қолдаймыз» атты челлендж ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда.

Айта кетейік, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың бастамасымен Мақтаарал ауданының тасқын судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақ сай, Жаңа Тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарынан көпбалалы отбасыдан шыққан және дәрігерлік есепте тұрған 150-ге жуық бала «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайына орналастырылған болатын.

Оқушылар шипажайда демалып, оңалту емдік шараларын алуда. Барлық жағдайлары жасалған. Балалармен шипажай медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер жұмыс жасауда. Карантин кезіндегі қауіпсіздік ережелері де сақталған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру