Санатталмаған

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТУҒАН КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Баспасөз хатшысы былай жазған:

“Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деген сауал жолдап жатыр.

Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын».

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру