Санатталмаған

600 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ ТЕГІН ТАРАТУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері су тасқыны орын алған аймаққа гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырықабатты тегін таратуда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz ақпараттық агенттігі.

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.

Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті тиеп алып келген өңірлердің жүк көліктеріне тегін таратуда. Оның айтуынша, мақтааралдықтарға қиын тұста көмек қолын созған азаматтарға алғыспен жауап қату – азаматтық парыз болмақ.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда эвакуациялық пункттерде орналасқан азық-түліктің 218 тоннасы тасқыннан зардап шеккен тұрғындар тарқатылған.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру