Санатталмаған

МАҚТААРАЛҒА АТЫРАУДАН 20 ТОННА БАЛЫҚ КЕЛДІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн.тг көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті. Ол Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылды, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Атырау қалалық партия филиалына қарасты “Дамбы» бастауыш партия ұйымының «нұротандық» балықшылары жалпы жиналысында Мақтааралдың тұрғындарына балық жіберу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгін «Амангелді» өндірістік кооперативіндегі (құрылтайшысы Мұрат Әмірғалиев) атыраулық балықшылардың аманаты Мырзашөл өңіріне жеткізіліп, орталық қоймаға қабылданып алынды.

Сонымен бірге, «Транссервис Ақжол» компаниясы атынан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Жүк керуенін бастап келген осы компанияның директоры Өтеген Айнабеков атыраулық азаматтар арасында көмектесуге ниеттілер өте көп болғанын айтты.
«Атыраулықтар Мақтааралдағы апатты ауыр қабылдады. «Көмектесемін» дейтін азаматтар көп. Біз Мақтааралмен біргеміз! Ауылдар қалпына келіп, бұдан былай осы киелі Түркістан өңірінің қуаныштары мол болғай», – деді ол.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру