Санатталмаған

Мас жүргізуші тәртіп сақшысын 3 шақырым жерге ысырып тастады (видео)

 

Шымкент қаласындағы Т.Рыскулов көшесі бойында «Audi-80» маркалы көлікпен соқтығысқан «Mitsubishi Galant» автокөлігінің мас жүргізушісі құжаттарын көрсетуді өтінген полиция қызметкерін қағып, оны 3 шақырым жерге дейін ысырып тастады. Алайда, көлігінің капотында тәртіп сақшысы жатқан құқықбұзушыны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құрықтап, бірден медициналық куәландыруға жеткізген.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 31 жастағы құқықбұзушыға қатысты 380-бап 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 610-бап 1-бөлімі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұсталған азамат Шымкент қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік айып тұрағына қойылды

Айта кетейік, полиция қызметкері ешқандай дене жарақатын алмаған.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру