Санатталмаған

Түркістандық тұрғын 8 көлікті қасақана өртеп жіберді

Түркістан облысында күдікті Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің айыппұл тұрағындағы автокөліктерді өртеп жіберген.

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінде орналасқан айып автотұрағында барлығы 39 көлік болған. Ал, автокөліктердің өртенуі жайлы хабарлама өртке қарсы қызмет тетігіне сағат 05:55-те түсіп, қажетті шараларды іске асырған өрт сөндірушілер тілсіз жауды 8 минуттан кейін ауыздықтаған. Оқиға салдарынан 8 автокөлікке материалдық шығын келгенімен, зардап шеккен адамдар жоқ.

Тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасына іс-әрекеті түсіп қалған күдікті ер адамның жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны болып шыққан. Оқиға алдында тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері ұстап, көлігін құжатсыз, мас халде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, автокөлігін айып тұрағына қойған екен. Ал, күдікті түнгі уақытта қоршаудан өтіп, өз автокөлігін өртеп, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшыларының құрығына ілінген ер адам аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық іс 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру