Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Ресейлік журналист Тоқаев туралы авторлық хабарын жариялады (видео)

Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

«Автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған», – деді.

Берік Уәлидің ақпаратына сәйкес, тарихшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Қатысты жаңалықтар

Жиналғандарға дөрекілік танытқан әкім сынға ұшырады

Bastynews

Ақтөбелік әйел өзінің 16 жасар қызын шендінің астына салып берген

Bastynews

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округінде кәсіпкерлік сала қарқын алған

Bastynews