Соңғы жаңалықтар Технология

Алматыдағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды (видео)

Алматыда самосвал жүк көлігі жасыл жарыққа өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Осыдан кейін тонналық көліктің дөңгелегі оның аяғын жаншып өтті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көлік Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, Howo самосвалы Левитан көшесінің бойымен шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатып, Гагарин даңғылына оңға бұрыла бастаған. Бұл кезде әйел бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатады. Жүргізуші оны байқамай қалып, жылдамдықпен жаяу жүргіншіні қағып, аяғынан басып кеткен.

Жол апаты салдарынан ауыр халдегі әйел жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыдағы Достық даңғылында екі троллейбус соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25-ші троллейбустың әйел жүргізушісі жарақат алды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда картоп бағасының шарықтау себебі анықталды

Bastynews

БАСПАНА ИЕЛЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ӨЗДЕРІ БАСҚАРАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН БЕРІЛГЕН 83 ПӘТЕР ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛДІ

Bastynews