Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚУ ЖҮЙЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекен оқушылары эвакуациялық пункттерде білімдерін жалғастыруда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 1638 құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйым саны – 6 ондағы тәрбиеленушілер саны – 425.


Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша жағдай жасалып, «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы оқуларын жалғастыру мақсатында телевизорлар орнатылды. Оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Балалар бос уақыттарында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысады.
Ата-аналар мен оқушылардың көңіл-күйі мен психологиялық ахуалы бір қалыпты. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.


Жергілікті тұрғындар, мектеп әкімшіліктері мен көрші Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Арыс аудандарынан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа заттарын алып беруде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру