Санатталмаған

МАҚТААРАЛДА БЕС МОБИЛЬДІ ХҚО КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтаарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді.

Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан 19 эвакуациялау пунктерін кезекпен аралайды., деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдайды. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен және басқа да атқарушы органдармен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған. Мобильді топ бірінші жұмыс күні 150-ден аса адамға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес берді. Эвакуациялау пунктерінде мамандар мақтааралдықтардың жоғалған құжаттарын қайта рәсімдеуге өтініштер қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылысқа байланысты төтенше жағдай кезінде де мемлекеттік корпорация қызметкерлері жұмысын тоқтатпай, жергілікті әкімдікпен бірлесе штабтарда, далалық жағдайда апаттан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын ретке келтіру үшін үздіксіз қызмет етті. Төтенше жағдай кезінде арыстықтарға ХҚО мамандары 17 мың қызмет көрсетті.

  #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру