Санатталмаған

СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдарытиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру