Соңғы жаңалықтар

Балаларды төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ұсталды

Полицейлер Нұр-Сұлтанда ойын алаңында балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ойын алаңындағы балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам анықталды. Бұл дерек бойынша 37 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Ер адам Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында 8 жастағы ұлы мен 11 жастағы баланы төбелесуге мәжбүрлеген.  

Төбелес кезінде 11 жастағы бала денесін жарақаттап алған. Жәбірленушінің анасы шара қабылдауды сұрап, қалалық полицияға өтініш жазды», – дейді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Полиция мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӘЛЕМНІҢ 11 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАҒАН

Bastynews

Мектептердің офлайн-оқуға оралуы үшін орындалуы тиіс шарттар аталды

Bastynews

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫЛЫҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Bastynews