Санатталмаған

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕЛГЕ ДЕГЕН АЛҒЫСТАРЫ ШЕКСІЗ

Эвакуациялық орындардағы тұрғындардың елге деген алғыстары шексіз. Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Адамдардың барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын менкөрпе-төсекпен тегіс қамтылған.

Сондай-ақ, тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Ал, өзге де қажетті заттар мен азық-түлік түрлері әрбір эвакуация орындарына төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймадантізім арқылы үлестірілуде.

Эвакуация орындары боп бекітілген мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, ауданбасшылықтарына жәнебарлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын жаудыруда. Олар тасқын судың тез беті қайтып, су астында қалған үй-жай мен мал-мүліктері және егістік алқаптарының шығындары өтелетіндігін де естіп қуануда. Мұндай қиындықта ешкімнің назардан тыс қалмайтынына бек сенімді.

 #AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру