Қоғам

Қазығұртта әлеуметтік сала назардан тыс қалған емес

әлеуметтік

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қ. Әбдәлиев ауылдық округінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 4 отбасы баспаналы болды – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қ. Әбдәлиев ауылдық округінің орталығы Рабат елді мекенінің көпбалалы жалғызбасты  аналары баспаналы болды. Оларға арнап аталған ауылдан шыққан жеке кәсіпкер өз есебінен 4 бірдей үйдің кірпішін қалап, шатырын жауып берді. 

Одан бөлек, кәсіпкерлердің есебінен тағы бір жалғызбасты ананың үйінің ішкі жұмыстары толығымен атқарылған.

Және де тұрмысы төмен 3 отбасының әрқайсына бұзаулы сиыр берілген. Бұл игі іс те қайырымды жандардың қаржысының арқасында жүзеге асты.

Пандемия ешбір адамға оңай соқпады. Әсіресе карантиннің енгізілуі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қажыта түсті. Тиісінше, жағдайды реттеуді қолға алған еліміздің бас партиясының бастамасынан Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің тұрғындары да қалыс қалмады. Атап айтар болсақ,   50 ден астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік пактеі таратылды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҰЛТТЫҢ РУХЫН КӨТЕРДІ

Bastynews

АҚПАРАТ САЛАСЫНДА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУІМІЗ КЕРЕК

Bastynews

Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды (видео)

Bastynews

Пікір қалдыру